Жаңадан салынатын мектептердің жобасы мақұлданды - Қызылорда облысы

Биыл Қызылордада 40 білім беру нысанының құрылысы жүріп жатыр.Жыл ішінде 25 мектеп пайдаланылуға беріледі. Жаңадан білім ошағын салудан Қызылорда республикада алдыңғы қатарда. Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен өткен сәулет-қала құрылысы кеңесінде тағы бірнеше мектептің эскиздік жобасы талқыланып, мақұлданды,-деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

 Қазалы ауданының Бірлік және Қармақшы ауданындағы Қуандария елді мекенінде 140 орындық мектеп салынады. Екі қабаттан тұратын білім ошақтарында оқу сыныптары, жабық дене шынықтыру залы, асхана, мәжіліс залы, алғашқы әскери дайындық және оқушының тәлім-тәрбие алуына қажетті басқа да кабинеттер қарастырылып отыр. Сонымен қатар, мектептің ауласы абаттандырылып, көркейтілетін болады.

 Екі мектептің жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 13,6 миллион теңге бөлінді. Мектептердің есіктері мен терезелері темір-пластикалық профильдерден, ал шатыры темір черепицамен жабылмақ.

Сондай-ақ, Жаңақорған ауданының Қожамберді елді мекенінде 200 орындық және Шиелі ауданының Ә.Тәжібаев ауылында 300 орындық мектеп бой көтереді. Бұл білім ошақтары да барлық заман талабына сай салынады. Облыс әкімі Қ.Көшербаев тиісті сала басшыларына құрылыстың сапалы, мерзімінде бітуін қатаң тапсырды. Барлық мектептің жобалары толықтай облыстық құрылыс басқармасы тарапынан берілген техникалық талаптарға сәйкес келеді. Содан да болар, барлық жобалар бірауыздан мақұлданды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе