Қазақстанда баланы мектепке дейін дамытудың толыққанды моделі әзірленеді

– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін баланы мектепке дейін дамытудың толыққанды моделі әзірлеуді жүктеді, деп тілшісі. «Мұғалім мамандығының маңызы ерекше. Сол себепті оларды ерекше жағдай жасайтын ЖОО-лар дайындауы керек. Білім саласын қаржыландыру және басқару жүйесін жетілдіру талап етіледі. Білім саласының барлық сатысын басқаруды жаңғырту керек. Басқарудың коллегиялық басқару жүйесін, бақылаушы және қамқоршылық кеңесін құру қажет. Баланы жастан жетілдіру жүйесі де халықаралық стандарттарға сай келмейді. Біз мектепке дейінгі білім беру саласын белсенді түрде жетілдіріп, мектеп бағдарламасымен сабақтастыра білуіміз керек. Жуық арада 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту деңгейі 100 пайызға жететін болады», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында. Әйтсе де Мемлекет басшысы баланы мектепке дейін дамытудың толыққанды моделі жоқтығына назар аударды. «Үкімет оны жылдың соңына дейін әзірлеуі керек. Біз сонымен қатар балаларды қосымша біліммен барынша қамтуымыз керек. Біздің балалардың спорттық, интеллектуалдық, шығармашылық қырын ашуда өте маңызды. Бұл мақсатта жеке бастамашылықты қолдау керек. Мемлекеттік тапсырыс қосымша білім берудің жеке ұйымдарына барынша тиімді жағдайда берілуі тиіс. Әсіресе бұл ауылдар мен шағын, моноқалалар үшін маңызды», - деді ол.
9100
    Iздеу

    Күнтізбе