Ереванда ТМД елдері білім министрлерінің конференциясы өтті

МӘСКЕУ. 27 Ереванда ТМД қатысушы-мемлекеттері білім министрлерінің жыл сайынғы конференциясы өтті. Министрлер форумы 19-рет өтіп отыр, оған Достастықтың тоғыз елінің өкілдері жиналды.Халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры баспасөз қызметінің хабарлауынша, конференция жұмысы ТМД елдеріндегі жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сатысында бейіндік оқытудың жайы мен перспективалары мәселелеріне, сондай-ақ Достастық кеңістігінде Болон үдерісі қағидаларын жүзеге асыру барысына арналды.   

ТМД қатысушы-мемлекеттері білім министрлері ХІХ конференциясына қатысушыларды Армения Президенті Серж Саргсян қабылдады, ол кездесуде осы ұйымның мүше-елдерінң арасында  әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты дамыту және ынталандыру ісіндегі ТМД-ның маңыды рөлін атап көрсетті.

ТМД қатысушы-мемлекеттері білім министрлері талқылаған жаңа тақырып «ТМД қатысушы-мемлекеттерінде көркемөнер білімін дамыту және өнер арқыы білімді дамыту жөніндегі ұсынбалар»  және оларды Достастық елдерінде білім және мәдениет саласындағы ұлттық бағдарламаларды әзірлеуде қолдану болды. Ұсынбаларды ТМД қатысушы-мемлекеттері гуманитарлық ынтымақтастығы халықаралық қоры мен ЮНЕСКО мамандары жасады.

ТМД қатысушы-мемлекеттері білім министрлерінің жиырмасыншы мерейтойлық конференциясы 2013 жылы Беларус Республикасы білім министрінің шақыруымен Минскіде өтетін болды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе