ҰБТ қорытындысы бойынша 23 солтүстікқазақстандық түлек «Алтын белгіге» ие болды

ПЕТРОПАВЛ. 6 Ұлтық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша «Алтын белгіге» үміткер болған барлық 213 солтүстікқазақстандық оқушы өз білімдерін растады.123 балмен ең үздік нәтижені дарынды балаларға арналған ЛОРД мектеп-лицейінің оқушысы Зарина Амантаева көрсетті. Ол ҰБТ бітуге 1 сағат қалғанда барлық сұрақтарға жауап беріп үлгерген.

ҰБТ нәтижесі бойынша бірнеше ондаған түлек апелляциялық комиссияға өтініш білдірді. Жалпы апелляциялық комиссияға 175 өтініш келіп түскен. Олардың 101-і тест мазмұнына байланысты арыз-шағымдар, ал қалғандары техника жұмысының ақаулығына қатысты болды.

Облыстық апелляциялық комиссияның нәтижелері республикалық комиссияға тапсырылатын болады. Ол қорытынды шешім шығарады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе