Петропавл әскери институтының түлектері офицерлік өмірге жолдама алды

АСТАНА. 24 ІІМ Ішкі әскер Петропавл әскери институты түлектерінің кезекті толқыны қанат қақты.Бұл - оқу орны құрылғаннан бері офицерлік өмірге жолдама алған 12-шi түлектер легі.

Салтанатты шараға ішкі әскер қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Альберт Мәткәрімов қатысып, 154 түлекке «лейтенант» шені мен әскери білім ордасын бітіргені туралы дипломды табыс етті. Олардың арасында 15-і үздік аяқтаса, Азамат Әбділлаев  қызыл диполммен қоса «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» кеуде белгісіне  ие болды. Есімі Құрмет тақтасына  енгізілді.

Жас офицерлер  еліміздің барлық аймақтарындағы Ішкі әскер құрамалары мен бөлімдеріне, Шекара қызметіне, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікке жолдама  алды, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе