Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуіне экономист мамандар дайындайтын оқу орындарының да үлесі бар - профессор Рахман Алшанов

АЛМАТЫ. 4 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуіне экономист мамандар дайындайтын оқу орындарының да үлесі бар. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Жоғары білім беруді дамытудың заманауи трендтері және жаһандық көкейкесті мәселелері» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.«Қазақстанға тек экономиканың әр түрлі салалары бойынша 2,6 миллион экономист мамандары керек екен. Оның ішінде бухгалтер, қаржыгерлер де бар. Экономикалық білімнің жеткіліксіздігінен ел экономикасы жыл сайын жалпы ішкі өнімнің 2-5 пайызын жоғалтуда», - дейді ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов. Экономика ғылымдары докторының айтуынша, әлемдегі экономикалық дағдарыс шығыны 250 млн. долларды құраса, одан туындаған үрейден келген зардап ондаған триллион долларды құраған. Сондықтан экономикалық білімнің маңызы зор.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе