ТжКБ студенттері жұмыс берушілерден 3 мың шәкіртақы алады

АСТАНА. 1 Қазақстанда кәсіби-техникалық колледждердің студенттеріне жұмыс берушілер 3 мыңнан астам шәкіртақы бөледі, деп хабарлады pm.kz сайты ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Кәсіпорындар мен оқу орындарының ынтымақтастығы шеңберінде ТжКБ студенттеріне практикадан өту үшін 132 мың жұмыс орны беріледі және жұмыс берушілерден 3 мыңнан астам шәкіртақы бөлінеді», -  делінген ведомствоның хабарламасында.

Аталған шара ТжКБ оқу орындарының екі жақты оқыту жүйесіне көшуі шеңберінде жасалуда. 

ҚР Білім министрлігінің ақпарына қарағанда, Индустрияландыру бағдарламасының жобалары үшін кадр даярлауға 543 ТжКБ ұйымдары қатысуда, олар 2014 жылға дейін 224 мыңнан астам мамандарды оқытып шығарады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе