Алматы студенттері ЭКСПО-да ас әзірлейді

Алматы студенттері ЭКСПО-да ас әзірлейді. Бұл туралы бүгін Алматы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде өткен пресс-тур барысында белгілі болды, деп .

Студенттер ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері мен жұмыс берушілерге өздерінің ас дайындаудағы, тәтті тоқаш пісірудегі шеберліктерін көрсетті.

Олар сондай-ақ, қонақ үй шаруашылығы мен туризм саласындағы инновациялық жетістіктерімен бөлісті.

Оқу орны директорының міндетін атқарушы Назым Мекебаева білікті студенттердің ЭКСПО-ға баратындарын жеткізді.

«Оқу семестрі аяқталған соң және емтихандардан кейін 150-ге тарта студент оқытушыларымен бірге ЭКСПО алаңында ас әзірлеп, көмек көрсететін болады», - деді ол.

Оның айтуынша,  қазіргі таңда мұнда 900 студент білім алып жатыр. Олардың 600-і - мемлекеттік грант негізінде, қалғаны ақылы бөлімде оқиды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе