В.Путин ШЫҰ елдерін өңірлердегі қолданыстағы қаржылық құрылымдар әлеуетін белсенді пайдалануға шақырды

РФ Президенті Владимир Путин ШЫҰ елдерін өңірлердегі қолданыстағы қаржылық құрылымдар әлеуетін белсенді пайдалануға шақырды. Мұндай мәлімдемені ол бүгін Уфада өтіп жатқан ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында жасады, деп тілшісі.

«Басымдықты міндеттердің бірі қаржы саласындағы ынтымақтастықты жетілдіру болып табылады. Біз ШЫҰ даму банкі мен арнайы шотын құру жұмыстарына қатысудамыз. ШЫҰ банкаралық бірлестігі базасында халықаралық жобалық қаржыландыру орталығын құру идеясының болашағы зор көрінеді. Қазірдің өзінде өңірлердегі қолданыстағы Еуразиялық даму банкі, Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкі және жаңадан құрылатын БРИКС даму банкінің қаржылық құрылымдары мүмкіншілігін белсенді пайдалану қажет», деді В.Путин.

Ресей Президенті гуманитарлық ынтымақтастық саласында да тиімді әзірлемелер бар екендігін баса айтты. В.Путиннің пайымынша, ШЫҰ жастар кеңесі, өзінің қажеттілігін дәлелдеп отыр. Аталған кеңес  ШЫҰ жастарының халықаралық туристік картасын құру идеясын ұсынған болатын.

«Бұл жобаның жастарға өзара байланыстарын айтарлықтай кеңейте түсуге мүмкіндік береріне сенімдімін. Ағымдағы жылдың наурызында қол жеткізілген туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы бағдарламаны әзірлеуге уағдаластықты да оң бағалаймыз. ШЫҰ желілік университеті жобасы да табысты жүзеге асырылуда. Ол ШЫҰ елдерінің 69 және Беларусьтың 4 университетінің басын қосады. Таяу аралықта оны құру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылып, жарғысының қабылданатындығына үміт артамыз», деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе