Еуропалық профессорлар адам құқығы бойынша қазақстандық студенттердің білімін жетілдіреді

Ұлттық және шет елдік ЖОО-ның оқытушы-профессорлық құрамының, соңғы курс студенттерінің өзара байланысын дамытуға бағытталған жоба бастау алды. Бұл туралы PRI Халықаралық ұйымының Орталық Азиядағы Өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және ҚАЗГЗУ-нің жұмыс алаңында пәнаралық қағидаларға сәйкес, жоғары курс студенттерінен құралған зерттеу тобы, болашақ нормативті реформаларға арқау болар және қазіргі кезде өзекті болып отырған адам құқығы, қылмыстық әділ сот жүйесін ізгілендіру, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы жобаларын әзірлеп, ұлттық бағдарламаларды жетілдіру үшін ұсыныстарын дайындайды.

Penal Reform International (PRI) Халықаралық ұйымының Орталық Азиядағы аймақтық өкілдігінің директоры Азамат Шамбилов өз сұхбатында, қазіргі кездегі әділ сот жүйесіндегі адам құқығы туралы былай деп мәлімдеді: «Бүгінгі таңда  әрбір қазақстандықтың құқықтық санасының деңгейі айтарлық өсуде, бірақ кей тұлғалардың құқығын қорғау барысында айқын жіктелу байқалып отыр. Құқық қорғау жүйесіндегі ұрымтал мәселелердің бірі - заң алдында жауапты балалардың құқығы мен жазасын өтеп жатқан әйелдердің құқығын қорғау болып отыр. Жалпы сотталғандардың да құқығының сақталуы күн тәртібінде. Сондықтан да аталған жоба жастардың адам құқығының негізгі ережелерімен танысуына сеп болып, болашақ құқық қорғаушылардың сарапшылық қабілетінің қалыптасуына көмегін тигізері сөзсіз».

Студенттерді адам құқығы саласына тартып, қазақстандық жастардың арасында адам құқығына деген құрмет пен түсіністікті дамытуға мүмкіндік береді. CAPSTONE PROJECT білім беру процесін нығайту мен зерттеушілік қабілетті дамыта отырып, студенттердің оқу үрдісі барысында модульдық, курстық және дипломдық жұмыстарын жазуға машықтандырып, болашақта магистрлік дисертацияларын «capstone» тобында жұмыс істей отырып қорғауға мүмкіндік береді.

Ұсынылған ғылыми жұмыстар Парламент депутаттары мен шет елдік сарапшылардан және Нидерланды Корольдігі Елшілігінің өкілдерінен, PRI Өкілдігінің басшылығы мен ұлттық сарапшылардан құралған комиссия тарапынан бағаланатын болады. Жеңімпаз деп танылған студенттер тобы Нидерландыдағы жетекші ЖОО-ның бірінен тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады.

Нидерланды Королдігінің Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстандағы Елшісі Ханс Дриссер, жобаны қолдай отырып, «Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы байланыстың ауқымы кең. Адам құқығы саласында біз бірлесе отырып, жұмыс істеуге қуаныштымыз. Аталған жоба студенттерге зерттеудің жаңа тәсілдерін үйреніп, жергілікті және шет елдік профессорлардың әдістемелік жетекшілігімен ұжымда жұмыс істеуге үйретеді. Мұндай жобалар әлемнің үздік ЖОО-ларында сәтті түрде жүзеге асып келеді», - деп атап өтті.

Жоба Penal Reform International (PRI) Халықаралық ұйымының Орталық Азиядағы Өкілдігінің бастамасымен және Нидерланды Корольдігінің қолдауымен, ҚАЗГЗУ және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әріптестігімен жүзеге асыруда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе