Алматыда көрнекті ғалым, тілші Мархабат Томановтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 20   - Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қазақ тіл білімі мен ғылымының дамуына зор үлес қосқан көрнекті тілші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мархабат Томанұлы Томановтың туғанына 80 жыл толуына орай  «Филологияның қазіргі заманғы трендтері: дәстүрі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтіп жатыр.Конференция жұмысы барысында мемлекеттік тілдің қолданылуы мен оның әлеуметтік мәртебесі; лингвистика дамуындағы қазіргі кезеңдегі басымдықтар; тіларалық қарым-қатынас: түркі тілдерінің салыстырмалы зерттеулері;  әлем кеңістігіндегі түркітану ғылымы; тарихи грамматика және қазіргі түркі тілдері;  мәтіннің тілдік аспектісі және мәдениет деңгейі; студенттердің  тілдік дайындығындағы инновациялар; көркем аударма және әдебиеттану поэтикасының мәселелері сынды тақырыптар көтеріліп, талқыланатын болады.

Конференцияға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеттерінің оқытушы-профессорлық құрамы, ғалымдар, тіл мамандары және студенттер қатысуда.

Пленарлық мәжілістен соң  Мархабат  Томанов атындағы аудиторияның ашылу рәсімі өтеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе