Баянауыл ауылындағы жаңа балабақша 75 баланы қабылдады - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 24 Павлодар облысының Баянауыл ауылында 75 орынға арналған «Балапан» балабақшасы ашылды, деп хабарлады аудан әкімдігінен.Жөндеуден өтуіне 53 млн. теңге бөлінген ол бұрынғы интернат ғимаратында орналасты. Бұл жерде ауыл бөбектерінің зияткерлік және дене дамуы, демалуы үшін қолайлы жағдай жасалған.

Балабақшаның салтанатты ашылуында балалар мен ата-аналарды аудан әкімі Ернұр Әйткенов құттықтап, ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімдері Бәкеш Аққолаева мен Алтын  Махабековалар игі тілектерін білдірді. Қоныс тойға жас баянауылдықтар арнайы концерт дайындады.

Бүгінгі күні Баянауыл ауданында балабақшаларға мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің 87 пайызы барып жүр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе