ЭКСПО көрмесі өмірімді түбегейлі өзгертті - ақтөбелік ерікті

ЭКСПО халықаралық көрмесі кезінде бір ай бойы ерікті болған Қасиет Құлманова ағылшын тілінде еркін сөйлеуді, адамдармен тез тіл табысуды үйренді. Ол өзге елдердің болашақ энергиясымен танысуға мүмкіндік алды, деп тілшісі.Ақтөбе қаласының тұрғыны Қасиет Құлманова қазір Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің 4 курсында білім алып жүр. Педагогика-психология факультетінің студенті Ақтөбедегі оқуын аяқтап, ата-анасымен бірге Астанаға көшуді, шетелде білім алуды жоспарлап қойған.

«Ерікті болу үлкен жауапкершілік жүктейді. Тегін әрі алғысы мол жұмыс. Адамдар сенен көмек сұрайды, бағыт-бағдарын біледі. Ол кезде кез келген сұраққа мүдірмей жауап беру, алғашқы медициналық көмек көрсету, қажет кезде қолынан жетектеп жүру міндеттелген. Адамның мінезі мен болмысы әртүрлі. Соған қарамастан еріктілер күлімдеп, жылышырай танытып, бәріне тиімді жауап қайтарады. Мен алдымен Алматыда өткен Универсиадада, кейін ЭКСПО халықаралық көрмесінде ерікті болдым. Екеуі де маңызды, жауапты. Бірақ Астанадағы халықаралық көрме өте ауқымды болды. Біз 100-ден астам елдің павильонымен танысып, олардың негізгі тақырыбын қамтуымыз керек. ЭКСПО көрмесіне келген адам «қандай қызық бар» деп сұраса, жауап бердік. Сол үшін біз алдын ала павильонға кіріп, танысып, біліп аламыз. Көп елдерді картадан танимыз, ал бұл жолы сол елге шағын саяхат жасау мүмкіндігіне қол жеткіздік»,- деді ерікті Қасиет Құлманова.

Студент бос уақытында ағылшын тілінің курсына барады, қолөнермен айналысады. Психология саласы бойынша ғылыми еңбектер жазады. ЭКСПО көрмесін көріп, елдердің мүмкіндіктерімен танысқан соң шетелге барып білім алуды, еліміздегі психология саласын дамытуды жоспарлап қойған.

«Латын Америкасының павильоны ұнады. Олар өздерінің ұлттық биін үйретіп, әнін шырқады. Біріккен Араб Әмірлігі, АҚШ, Финляндия, Африка, Катар, Польша елдері де қызықтырды. Олардың әдет-ғұрыптарын біліп, шетелдіктерге өз салт-дәстүрімізді айтып бердік. Шетелдіктер «Нұр Әлемді» ұнатты, елімізбен жан-жақты танысуға мүмкіндік алды. ЭКСПО көрмесінде өмірімнің ең қызықты күндері өтті. Мен Ақтөбеге басқа адам болып келдім. Ағылшын тілін меңгердім, шетелдіктермен сөйлесіп, тілдік мүмкіндігімді дамыттым. Ата-анам Астанаға көшеміз деген ойға бекінді. Шетелге барып, психология саласындағы білімімді жетілдіргім келеді. Егер мен ағылшын тілін білсем, көп биікті бағындыра аламын. Соған нық сенімдімін»,- деді Қасиет Құлманов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе