Алматы облысының Алакөл ауданында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Алакөл ауданына қарасты Тоқжайлау ауылында 50 орындық жатақхана мен Тоқжайлау политехникалық колледжіне қарасты 48 орындық шеберханалар кешені пайдалануға берілді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.Колледж тәлімгерлерін оқытып, қажетті құрылғылармен жұмыс істеуге үйретіп, олардың кәсіптерін толық меңгерулеріне жағдай жасау мақсатында шеберханалардың цехтары ең соңғы деген үлгідегі құрылғылармен жабдықталған.

 Жаңа жатақханада кең де жарық бөлмелер, асхана, кір жуу бөлмесі сияқты барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Осы ретте аталмыш колледж үшін 4 гектар аймақта жатақхана мен шеберханалардан бөлек заманауи стадион салынатындығын айта кету керек. Стадионның құрылысы биылғы жылдың көктемінде яқталады деп күтілуде. Жобаның жалпы құны 530 миллион теңгені құрап отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе