Жалпықытайлық құрылтай сессиясы аясында Қазақстан мен Қытай туралы кітап ұсынылды

Қытайда өтіп жатқан тарихи «екі сессия» баспасөз орталығында «Сіз бен Біз: Қытай мен Қазақстан тарихы» кітабы ұсынылды, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. Қытай және орыс тілдеріндегі бұл кітаптың көптеген данасы 13-ші шақырылған Жалпықытайлық халық өкілдері құрылтайының (ЖХӨҚ) 1-ші сессиясы және 13-ші шақырылған Қытай халық саяси консультативтік кеңесі Жалпықтай комитетінің (ҚХСКК ЖК) 1-ші сессиясы баспасөз орталығының бірінші қабатына қойылған. «Мұндай кітаптар мен журналдардың таралуы елдер арасындағы қатынастарды және халықтардың психологиясын жақсы түсіну үшін өте пайдалы. Мен 20 жылдан бері АҚШ-та тұрамын және Қазақстан туралы жиі естимін. Мүмкіндік болғанда Сіздің еліңізге барғым келеді. Қазақстан жақында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде төрағалық етіп, жаһандық әлемді қолдау бойынша бірқатар маңызды бастамалар көтерді. Қазақстан халқы Қытаймен, АҚШ-пен және басқа да елдермен ынтымақтастықты дамыту арқылы гүлденуді жалғастыра беретініне сенімдімін», - деді Қытайда туған америкалық журналист, «Әлемдегі қытайлар» баспа үйінің президенті Гао қа берген сұхбатында. Еске салайық, «Сіз бен Біз: Қытай мен Қазақстан тарихы» кітабын Қытай құрлықаралық баспасы шығарып, 2015 жылдың қарашасында таныстырылған болатын.

Кітап үш бөлімнен - достастық, ынтымақтастық және еске алудан тұрады. Оған 22 қазақстандық және қытайлық авторлар кірген: ҚР бұрынғы Премьер-Министрі Сергей Терещенко, ҚР-дағы ҚХР Төтенше және өкілетті елшісі, ҚХР сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Чжан Дэгуан, ҚХР-дағы бұрынғы ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев, Чжоу Сяопэй, ҚР-дағы ҚХР бұрынғы елшісі Яо Пэйшэн және тағы басқалар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе