Семейдегі Абай, Шәкәрім білім алған Ахмет Риза медресесін қайта ашу керек - Ә.Дербісәлі хазірет

АСТАНА. 19 Семейдегі Абай, Шәкәрім білім алған Ахмет Риза медресесін қайта ашу керек. Бүгін елордада өткен Қазақстан мұсылмандары 7-ші құрылтайында Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы болып сайланған Ержан Маямеровке осындай өтініш білдірді.«Менің өтінішім, үлгермеген бір ісім бар еді. Соны сен әрі жалғастырсаң. Мынау Семей жерінде Абай атамыз, Шәкәрім бабамыз білім алған Ахмет Риза деген медресе болып, кезінде жабылып қалған. Мен соны ашсам, орнына келтірсем деп армандап жүрмін. Бірақ кадрлардың жетіспеушілігінен, басқа да себептерге байланысты үлгермедім. Сен сол медіресені қалпына келтір, Семей жерінде жаңа 10-шы медресе аш», - деді Ә.Дербісәлі жаңа Бас мүфтиге қарата.

Айта кетейік, Ахмет Риза медресесі 19 ғасырда Семей қаласында жұмыс істеген діни оқу орны. Оны діни философия мен ескі шығыс әдебиетіне жетік ғұлама Ахмет Риза ұйымдастырған. Негізінен діни сабақтар оқытылды. Ахмет Риза медресесі шәкірттеріне шығыс әдебиеті мен мәдениетін насихаттап, өз кезіндегі басқа діни оқу орындарынан аз да болса артықшылығын көрсетті. Көп ұзамай жабылып қалды. Қалпына келтірілген медресе ғимараты Семейдегі Абай мұражайының кешені құрамына енгізілген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе