Қазақстанда жұмыс, оқу, шығармашылық үшін барлық жағдайлар жасалған

АСТАНА. 2 сәБүгінде Қазақстанда жұмыс, оқу, шығармашылық, түрлі салалардағы табыстарға жету үшін барлық жағдайлар жасалған.Бұл туралы «Болашақ бүгіннен басталады!» республикалық ақпараттық әлеуметтік науқанының басталуына арналған баспасөз мәслихатында республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары мәлімдеді.

«Бізді көшбасшымыз, өз күшімізге сенімділік пен болашағымыздың жарқындығы біріктіреді. Бүгінде Қазақстанда жұмыс, оқу, шығармашылық, түрлі салалардағы  табыстарға жету үшін барлық жағдайлар жасалған», - деп атап өтілді үндеу мәтінінде.

Алайда, жас көшбасшылардың атап өтуінше, бұл мүмкіндіктер тек барлық қоғамның жасампаз белсенділігі кезінде ғана нақты іске асырылады.

«Әрбір қазақстандықтың бизнес, оқу, спорт, өнер немесе өз еркімен, ұмтылушылығы және нақты істерімен өмірдегі қолайсыз жағдайлардан өтудегі қол жеткізген биіктері - ел болашағына қосқан үлесі. Біздің болашағымыз өз қолымызда. Және ол тек нақты істер: ғылыми жаңалықтар немесе өндірісті іске қосумен, науқас балаларға көмек көрсету немесе ағаш отырғызумен, құрылыс жасақтарының жұмысы немесе «Дипломмен-ауылға» бағдарламасына қатысумен, спортпен шұғылдану немесе өнерді дамыту арқылы салына алады. Болашақ бүгіннен басталады!», - деп мәлімдеді жастар көшбасшылары.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе