Астанада Н.Назарбаев атындағы Еуразиялық физика орталығын құру жобасы таныстырылды

VII Астана экономикалық форумында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Еуразиялық физика орталығын құру жобасы таныстырылды.Бұл жоба Жерортатеңіздік іргелі физика институтының ғылыми директоры, профессор Алексей Кавокиннің басшылығымен жүзеге асырылуда.

Орталық ғылыми және білім жобаларын жасаумен және жүзеге асырумен айналысады, Алексей Кавокиннің айтуынша, ол Қазақстан  экономикасының дамуына және гүлденуіне үлкен ықпал етеді. Сондай-ақ орталық қызметі бағыттарының ішінде баламалы энергия көздерін, кванттық және ақпараттық технологияларды жасау жұмыстары да бар.

«Орталықтың Астана мен Римде екі штаб-пәтері болмақ. Олардың арасында өте тығыз ынтымақтастық орнатылады. Мысалға, Қазақстанның жас ғалымдары, аспиранттары Римде жетекші еуропалық физик ғалымдардың басшылығымен бірнеше ай оқудан, тағлымдамадан өтеді. Бұдан кейін олар өздерінің университеттеріне оралып, тұрақты оқытушылық қызметпен айналысады», - деп әңгімеледі Алексей Кавокин.

Оның айтуынша, Қазақстанда сондай-ақ екі-үш айға әлемдік беделді ғалымдар келіп, республика жоғары оқу орындарында дәріс оқиды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе