Білім министрі мектеп бітіргеннен кейін бірден университетке түсе алмағандығын айтты

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп бітірушілеріне, колледж бен университет түлектеріне сәт сапар тіледі, деп тілшісі. «2020 жылдың түлектеріне жеке тоқталғым келеді. Құрметті, мектеп бітірушілер, колледж бен университет түлектері! Әркім болашағының жарқын болғанын армандайды. Сіздер мықты ғалым, табысты кәсіпкер ғана емес, адамгершіліг зор жақс адам, билік тұлға болатындықтарыңызға сенімдімін. тәуекелге бару арқылы ғана әркім өзі армандаған мамандықтың иесі бола алады. Ең бастысы мүмкіндіктерді пайдалана білу керек. Еш қорықпаңыздар. Алған беттен қайтпау өте маңызды екенін өз басым білемін. Нақты қадам жасап, ойыңыздағыны іске асыру керек», - деді Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жарияланған құттықтауында. Мәселен, министр мектеп бітіргеннен кейін бірден университетке түсе алмағандығын айтты. «Одан ұялудың еш қажеті жоқ. Менің алдымда екі таңдау болды. Біріншісі - ақылы түрде оқу, екіншісі - 1 жыл дайындалып, кейін ҰБТ-ға қайта тапсыру. Сол кезде 1 жыл дайындалып, тесті қайта тапсырамын деп шешім қабылдадым. 1 жыл уақытымды табанды дайындық пен жұмысқа арнап, нәтижесінде келесі жылы армандаған грантқа қол жеткізген болатынмын», - деді ол.
9900
    Iздеу

    Күнтізбе