Қазақстандық-ресейлік комиссияларының ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы жұмысын жандандыру қажет - Мемлекет басшысы

ПАВЛОДАР. 19 Бүгін ҚР және РФ шекаралас ынтымақтастығының ІХ форумы барысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларды біріккен қазақстандық-ресейлік комиссиялардың ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы жұмысын жандандыруға шақырды.«21 ғасырда серіктестігіміздің магистральдық бағыты болып білім үшбұрышының барлық үш элементі: білім, зерттеу және инновациялар болуы керек. Бізде ынтымақтастықтың оң мысалдары - «Қазына капитал менеджмент» пен «Роснано» арасындағы нанотехнологиялардың біріккен қоры - ЕурАзЭҚ жанындағы Жоғары технологиялар орталығы бар. Жаңа шараларды ұсынамыз: ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы жұмысты жандандыру керек, бұл саладағы көптеген келісімдер түбегейлі жаңартуды талап етуде. Біріккен ғылыми жобаларды белсендету қажет, қазіргі кезде осындай 130 жобаның тізімі қалыптастырылды. Оларды қабылдап, жұмысқа кірісу керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе