М.Сарыбеков: 2020 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу бітірген және жұмыспен қамтылған жастардың үлесі 80 пайызға арттырылады

АСТАНА. 24 2020 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу бітірген және жұмыспен қамтылған жастардың үлесі 80 пайызға арттырылады.Бұл туралы бүгін Астанада «Бірлік.кz» республикалық жастар форумы барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков мәлім етті.  

Вице-министрдің айтуынша, халқымыздың үштен бір бөлігін 14-тен 29 жасқа дейінгі жастар құрайды. Олардың арасында екі қолға бір жұмыс таба алмай жүрген жастардың саны қаншама. Сондықтан оларды жұмыспен қамту мәселесіне Елбасы Н. Назарбаев биылғы халыққа Жолдауында үлкен назар аударды.

«Қазірдің өзінде жастарды жұмыспен қамту саласында «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», Жастар кадрлық резерві, Мемлекеттік қызметшінің мектебі сияқты айқын жобалар іске асуда. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында 2020 жылы техникалық білім беру ұйымдарын және ЖОО-ларды мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірген және жұмыспен қамтылған жастардың үлесі 80 пайызға дейін арттыру қарастырылып отыр», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе