К.Көкірекбаевтың Чанцзиға сапарының қорытындылары: 9 келісімге қол қойылды, 20 инвестор Жамбыл облысына қызығушылық білдірді (ФОТО)

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев пен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданының Чанцзи-Хуэй автономдық өлкесінің (ЧХАӨ) губернаторы Ма Сюнчэн (Ma Xiongcheng) қазақстандықтардың Чанцзи қаласына жасаған екікүндік сапарының қорытындылары бойынша екі аймақ арасында бауырлас байланыстарды орнату туралы келісімге қол қойды.Олардың қатысуымен жамбылдық және чанцзи-хуэй делегацияларының мүшелері Жамбыл облысы мен TBEA электр-техникалық бірлестігі (әлемде электр трансформаторлары мен кабельдерді ең ірі шығарушы), Жамбыл облысының Байзақ ауданы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің Манас ауданы, Жамбыл облысының Қордай ауданы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің Хутуби ауданы, Жамбыл облысының Шу ауданы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің Мори-Қазақ автономдық ауданы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің халық үкіметі экономика және саясат комитеті, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің халық үкіметі басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармалары мен ШҰАА ЧХАӨ-нің халық үкіметі басқармасы, Тараз мемлекеттік педагогика институты мен Чанцзи кәсіби-техникалық колледждің арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумдарға қол қойды.

«Бүгін біз ШҰАА Чанцзи-Хуэй автономдық өлкесінің губернаторымен бауырлас байланыстарды орнату туралы келісімге қол қойдық. Өнеркәсіп саласында, соның ішінде химиялық тыңайтқыштарды өндірудегі өзара ықпалдастық ең басты мәселе болып отыр. Жамбыл облысында бұл индустрия, атап айтқанда фосфор, гомофос өндіру жақсы дамыған. Құрылыс саласында біздің облысымыз цемент, гипс шығарып отыр. Қытайлық тарап біздің бұл өнімдерді Қытайға жеткізуімізге қызығушылық танытуда. Үшінші сала - ауыл шаруашылығы. Олар ет, бидай, арпа, соя майы, жүгеріге қызығушылық танытып отыр», - деді Жамбыл облысының әкімі К.тілшісіне берген сұхбатында.

Ол екі күннің ішінде ШҰАА ЧХАӨ-нің өнеркәсіп, ауылшаруашылық және әлеуметтік нысандары қаралғанын атап өтті.

«Мұнда тамшылап суару жүйесі жоғары дамыған. Біз чанцзийліктерді Жамбыл облысына шақырдық. Бізге 20-ға жуық инвестор келмек. Біз өзімізде ауылшаруашылық өнімді, бірінші кезекте қызанақтарды қайта өңдейтін зауыттарды құруға қызығушылық танытудамыз. Мұндағы жылыжайларда өсімдіктердің шамамен 250 түрі өсіріліп жатыр. Біз оларды өз ауданымызда өсіруді жоспарладық», - деп атап өтті әкім.

Оның айтуынша, Жамбыл облысы әлемде электр-техникалық жабдықтардың ең ірі шығарушысы TBEA компаниясымен (жылдық табысы - 800-ге жуық млн. доллар) ынтымақтасады.

«Біз баламалы энергетиканы дамытып жатырмыз, жыл сайын сапалы трансформаторлардың көп саны керек», - деп атап өтті ол.

«Мәдени салада біз қытайлық ғалымдар, археологтар, зерттеушілер және қарапайым туристердің Жамбыл облысына көп келуі үшін елдеріміздің арасында тарихи туризмді дамытуға ниеттіміз. Бізде 1 600 тарихи ескерткіш бар, Тараз қаласының орталығында ашық аспан астындағы мұражай ашылды, онда 33 мың артефакт сақталған. Біз Жібек жолында орналасқанбыз», - деді әкім.

К.Көкірекбаев Чанцзи қаласында қала салудың кейбір оң аспектілерінен де үлгі алуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

«Мен бұл сапар біз үшін жемісті болды деп ойлаймын. Қандай дағдарыс болғанына қарамастан, егер біз инвесторларды тартсақ, бізде барлығы жақсы болып, Жамбыл облысының экономикасы дамуын жалғастырады. Біз чанцзийлік әріптестерімізді биылғы жылдың мамыр айында қытайлық инвесторлар мен мамандардың егіс науқанына (соя, жүгері және басқа дақылдар) үлгеріп, барлығын өз көзімен көруі үшін Жамбыл облысына келуге шақырдық», - деп түйіндеді ол.

Қазақстандық делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиев, баспасөз хатшысы Гүлбаршын Құланбаева, Жамбыл облысы Байзақ (Мұратхан Шөкеев), Қордай (Қайрат Досаев) және Шу «(Рүстем Дәулет) аудандарының әкімдері, облыстық әкімдіктің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Нұржан Нұржігітов, мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Мүбарак Жинақбаева, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының (Дария Қожамжарова) және Тараз инновациялық-гуманитарлық институтының  (Ерболат Саурықов) ректорлары, «Рыспаева және К» ЖШС директоры Сәуле Рыспаева, «Мерке ірімшік зауыты» ЖШС директоры Дастан Айтөленов, сондай-ақ «Бапыш-Сейсенбай» (Сәкен Рәпілбеков), «Олжа» (Берік Егембердиев), «Злиха» (Нұржігіт Бегалы), «Талап» (Мауыт Фазылов), «Нариман» (Бақтыбай Саудабаев) шаруа қожалықтарының басшылары болды.  

 «Анықтама. Чанцзи (Санжи) қаласы - Чанцзи-Хуэй автономиялық округінің маңызды көлік торабы, олар арқылы Шыңжаң солтүстік темір жолы мен Укуй магистралі өтеді. Ежелгі уақытта қала Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағындағы негізгі пункттерінің бірі болды.

Жамбыл облысы қазақстан-қытай өңіраралық ынтымақтастығын дамытудың алдында келеді. 2015 жылғы 11-14 қаңтарда әкім Кәрім Көкірекбаев бастаған Жамбыл облысының делегациясы ҚХР-дың Шэньси провинциясындағы Сиань қаласында болды. Сапар қорытындыларымен жалпы сомасы 400 млн. долларға жуық келісімдерге қол қойылды. Бірлескен басты жобалар - қытайлық «Да И» компаниясының қуаты 200 МВт жел электр стансасын салу, Янлин үлгілі ауыл шаруашылығы аймағын басқару комитетінің Жамбыл облысында жоғары технологиялық аграрлы-инновациялық парк құру келісімі болды.

Тараз және Сиань - бауырлас қалалар. Осы жолғы сапар барысында Жамбыл облысы мен Чанцзи-Хуэй автономиялық округімен бауырластық байланыстар орнату жоспарлануда. Жамбыл облысы мен Қытайдың аталған өңірімен арасындағы байланыстырушы буын Қазақстан дүнгендері қауымдастығы болмақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе