Білім министрлігінің қаулысы өзбек, тәжік пен ұйғырдың құқын бұза ма?

АСТАНА. 27  Білім министрлігінің қаулысы өзбек, тәжік пен ұйғырдың құқын бұза ма? Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Розақұл Халмұрадов осындай мәселе көтерді.  Депутаттың сауал жолдауына еліміздегі «Дустлик» атты өзбектердің этномәдени қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының хаты және еліміздегі өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын мектепті  бітірушілердің бір топ ата-аналарының өтініші негіз болған.

Бұл ретте депутаттың айтуынша, бүгінге дейін өз күшінде болған ҚР Білім және ғылым министрінің «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 бұйрығы негізінде өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің түлектері мектеп бітіруі туралы емтихандарды өздері оқыған тілде тапсырып, ал ЖОО-ға түсу үшін кешенді тестілеуге қазақ немесе орыс тілдерінде қатысатын еді.

«Сондай-ақ, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектепті бітіруші сыныптарды көптілді және биллингвалды оқыту үлгісін енгізу арқылы қосымша дайындай отырып, ЖОО-ға түсуге ниеттенген барлық түлектерді дайындауға біртіндеп көшуге көңіл бөлді. Қазіргі таңда үш нұсқаның ішінде (тек ҰБТ тапсыру, тек кешенді тестілеу немесе олардың бірін таңдау құқығы) өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері үшін үшіншісі, яғни дайындығы бойынша ҰБТ немесе кешенді тестінің біреуін таңдау құқығының болуы қолайлы болып табылады. Өкінішке орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 Қаулысы оларды бұл құқығынан айырып отыр. «Дустлик» қауымдастығының пайымынша, бұл жаңа «Үлгі қағидалары» өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер бітірушілерінің орта мектеп курсының қорытынды (мемлекеттік) емтиханы түріндегі қорытынды аттестаттауды ана тілінде тапсыру құқығын шектеп отыр», - дейді депутат.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе