СҚО-да 800-ге жуық талапкер кешенді тестілеуден өтті

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің стратегиялар және халықаралық әрекеттестік жөніндегі проректоры Айдос Мұқатаев ҰБТ нәтижесі мен кешендік тестілеу жайлы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Ұлттық бірыңғай тестілеуге 3 614 немесе 64% солтүстікқазақстандық мектеп бітіруші түлектер қатысқан. Ұстаздар ҰБТ тапсырушылардың 4% артқандығын айтты. 8 пункт жұмыс істеді.

Айдос Мұқатаевтың айтуынша, аудиторияларда 65 бақылау камералары, 7 бейнетіркеу, 48 ұялы телефон байланысын жойғыш және екі металл іздегіш орнатылды. Оқушыларды тестілеуден шығарып жіберу жағдайы болмаған.

«Облыс бойынша ҰБТ-ның орташа балы 77-ні құрады, бұл жалпы республикалық көрсеткіштерден сәл төмен. Жалпы республикалық көрсеткіш - 80,5 балл. Ең жоғары 134 балл алған 1-інші лицей түлегі Нұрсан Валеев болды», - дейді Айдос Мұқатаев.

Облыс аудандары мен қалалары арасында орта балдық көрсеткіш бойынша бірінші орында Петропавл тұр - 82,3 балл, екінші Ғ.Мүсірепов ауданы - 80,40, үшінші - Уәлиханов ауданы - 80,3 балл.

19-20 шілде күндері М.Қозыбаев атындағы СҚМУ базасында былтырғы жылдың мектеп бітірушілері мен колледж түлектерінің кешенді тестілеуі өтті. Оған 798 адам қатысты, орташа балл 38,3-ті құрады. 1 тамыздан бастап ҰБТ-ны қайта тапсыруға өтініштерді қабылдау басталады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе