Аграрлық оқу орындарының түлектеріне қандай талаптар қойылады

ҚР Ауыл шаруашылығы аграрлық саладағы мамандықтар бойынша гранттарды дұрыс топтастыру шараларын енгізіп жатыр, деп тілшісі.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

«Заң жобасының аясында Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін қалыптастыру жөніндегі қызметтері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру көзделеді. Сонымен қатар, аграрлық жоғары оқу орындарының бітірушілері үшін ауылды жерлерде міндетті түрде жұмыспен өтеу талабы енгізіледі. Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу  - аграрлық сектордың қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік тапсырысты дәл қалыптастыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ мамандықтар бойынша гранттарды дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ауыл шаруашылығындағы сақтандыру жүйесі түбегейлі өзгереді. Міндетті сақтандырудан ерікті сақтандыруға, сақтандыру төлемдерін субсидиялаудан сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға көшу жүзеге асырылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе