СҚМУ университетінде грант бәрінен де ауыл шаруашылығы мамандықтарына көп бөлінді - университет ректоры О. Әшімов

ПЕТРОПАВЛ. 30 Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті. Ондағы әңгіме алдағы жаңа оқу жылындағы оқу барысы туралы өрбіді.ҚР ҰҒА академигі, университет ректоры Оңдасын Әшімов атап айтқандай, 289 студент грант есебінен 44 мамандық бойынша тегін оқитын болады. Жалпы, университетте студенттер 48 мамандық бойынша оқытылады, бірақ биыл қабылдау 44 мамандық бойынша жарияланды. Көптеген грант ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлінді.

Солтүстік Қазақстан облысы - аграрлық облыс, көптеген Солтүстік Қазақстандықтар ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша оқығысы келеді, сондықтан гранттарды бұлай бөлу заңды.

Брифингте СҚМУ ректоры ЖОО жанында жұмыс істеген көпсалалы колледждің қызметін тоқтату тақырыбын қозғады. Оны жабуға біз мәжбүр болдық. Себебі қазір университет шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны болып табылады. Сондықтан мемлекеттік мүлік туралы заңға сәйкес университеттің ЖОО дейінгі білім беруге құқығы жоқ.

Университет ректоры атап айтқандай, барлық студенттер Петропавлдың басқа колледждеріне ауыстырылды. «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығы ғана қиындық тудырды, басқа колледждерде мұндай қиындық болған жоқ. Бірақ М.Жұмабаев атындағы колледжде жаңа мамандық ашылып, бұл мәселе де оң шешілді. Жабылған колледж студенттерінің университет жатақханаларында тұру құқығы сақталады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе