Қарағанды облысында «Алтын белгіге» 317 түлек үміттенуде

ҚАРАҒАНДЫ. 25 Бүгін Қарағанды облысында 9000-нан астам мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау сыңғырлады.Бұл салтанатты күні Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов «Мұрагер» атты дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында болды. Аймақ басшысы түлектерді мектеп бітірулерімен және ересек өмірге қадам басқандарымен құттықтады.

«Бірнеше күннен кейін алдарыңда үлкен сынақ - Бірыңғай ұлттық тестілеуден (ҰБТ) өту тұр. Оны облыс мектептерінің 7000-ға жуық түлектері тапсырады. Олардың арасында «Алтын белгіге» 317 үміткер бар, тағы 181 түлек үздік аттестат алмақшы», - деді Ә.Құсайынов.

Облыс әкімі түлектердің жетістіктерін атап өтті. «Тек биылғы оқу жылында біздің облысымыздың мектеп оқушылары халықаралық олимпиадаларда 42 медаль жеңіп алды, соның 13-і - алтын», - деп хабарлады аймақ басшысы. Оның пікірінше, бұл «тамаша жетістік». Ә.Құсайынов түлектерге бұдан былай да «жаңа жеңістерге ұмтылуды» тіледі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында елде білім деңгейін көтеру үшін көптеген істер атқарылуда, деп атап өтті облыс әкімі. «Ел Президенті бұл мақсаттарды шешуде сіздерге де сенім артуда. Сіздер бұл сенімді ақтап, мемлекетіміздің лайықты азаматтары болуларыңыз керек. Еліміздің болашағы сіздерге байланысты», - деп қосып өтті Ә.Құсайынов.

«Мұрагер» мектебінде облыс әкімі ақпараттық-білім беру кеңістігімен танысып, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту бойынша зертхананы қарап шықты. Биология және физика кабинеттерінде оған оқушылардың зерттеу қызметінің қорытындыларымен, ал жаратылыс ғылымдары зертханасында - германиялық «PHYWE» заманауи жабдығын оқу процесінде қолдану мүмкіндіктерін көрсетті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе