Батыс Қазақстанда оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы инновациялық әдістер талқыланды

ОРАЛ. 24 сәЗеленов ауданы Асан ауылындағы орта мектепте «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы инновациялық әдістер» атты форум өтті.БҚО білім басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, мұндағы мақсат - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының математика пәні мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу, мектеп бітірушілерді математикадан қорытынды аттестацияға дайындау кезіндегі мәселелерді шешу, ҰБТ-ға және БМЕ (бірыңғай мемлекеттік емтихан) дайындаудың жаңа формаларын талдау.

Аталмыш форумға аудан мектептерінен 54 және Саратов облысы Озинки ауданынан 10 маман қатысты. Секциялық отырыстар «12 жылдық білім беру - Қазақстан мектебінің болашағы. Мәселелер, ізденулер, шешімдер», «ҰБТ-ға дайындау кезінде инновациялық технологияларды қолдану», «Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда математикадан білім сапасын арттыру» тақырыптары бойынша өткізілді.

Әрбір секцияның отырысында баяндамалар оқылып, талқыланды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе