Үрімші студенттері Қазақстан беделін ілгері жылжытуға үлес қосқаны үшін марапатталды

ҮРІМШІ. 22 ҚХР ШҰАӨ Үрімші қаласында оқып жатқан қазақстандық студенттер Қазақстанның беделін шетелдерде ілгері жылжытуға қосқан үлесі үшін құрмет грамоталарымен және кәдесыйлармен марапатталды.Марапаттау салтанаты ҚР СІМ Төлқұжаттық-виза қызметі ғимаратында Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының (Үрімші қаласы) өтіп бара жатқан 2013 жылда атқарған жұмыстарына арналған салтанатты жиналыс аясында өтті.

ҚР Тәуелсіздік күні құрметіне Шыңжаң Экономикалық университетінің студенттері алдымен флеш-моб өткізді, одан кейін марапаттау салтанаты басталды. ҚР СІМ Төлқұжаттық-виза қызметінің өкілі Бауыржан Ақсай үздік шыққан студенттерге құрмет грамоталары мен ескерткіш кәдесыйлар тапсырды. Сондай-ақ Қазақстанның Қытайдағы мәдениет күндерін ұйымдастыруға қатысқан волонтерлер де көтермеленді.

Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығы ағымдағы жылы бірқатар мәдени және спорттық шаралар өткізді. Қазақстандық студенттер осы жылғы қараша айында Үрімшіде зор табыспен өткен Қазақстанның Қытайдағы мәдениет күндерін ұйымдастыруға және өткізуге волонтерлер ретінде белсене араласты. Үрімшідегі студенттік қоғамдастық мүшелері қайырымдылық шараларына да атсалысуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе