Алматыда әл-Фараби мұраларын зерттеуге байқау жарияланды

– Алматыда белгілі философ, ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми еңбектерін зерттеуге арнайы байқау жарияланды, деп тілшісі.

«Ғұлама бабамыз әл-Фарабидің адамды интеллектуалдық қалыптасуы туралы еңбектерін зерттеу қоғамды адамгершілікке баулуға септігін тигізеді. Осыған орай студенттер арасында әл-Фараби еңбектерін зерттеуге әкім атындағы шәкіртақы тағайындалады. Бұл шәкіртақыға ашық байқау жарияланды», - деді әкім Бақытжан Сағынтаев. Оның айтуынша, қала жастарын қолдау - қаланы дамытудың басым бағыттарының бірі. «Кезінде ғұламаның өзі айтқан, қай елдің болмасын болашағына баға беру үшін алдымен жастарын көрсет деген екен», - деді әкім. Одан бөлек халықаралық деңгейдегі әл-Фараби Олимпиадасын өткізу жоспарланды. Сонымен қатар ғалымның «Бақытқа апарар жол» еңбегі бойынша кәсіпкерлер арасында тренинг өткізу, интерактивті карта ашу жоспарда бар. Айта кету керек, кеше Қазақстан әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуді ресми түрде бастаған болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе