Батыс Қазақстанда жаңа оқу жылында 85 мыңға жуық шәкірт мектеп табалдырығын аттамақ

ОРАЛ. 24 Батыс Қазақстан облысында жаңа оқу жылында 85 мыңға жуық шәкірт мектеп табалдырығын аттамақ, соның ішінде 9200 оқушы бірінші сыныпқа барады.Облыстық білім басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жылдағы дәстүрге сай бірінші сынып оқушыларына мектеп киімін алу үшін бюджеттен қаржы бөлінген.

Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Мектепке жол» шарасы жарияланды.

Акция басталғаннан бері 3493 оқушыға 11 566 мың теңгеге, соның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 2013 оқушыға 7 199,3 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе