«Қазғарыш» делегациясы «Ғарыш және адамзаттың жаһандық қауіпсіздігі» халықаралық симпозиумына қатысуда

АСТАНА. Қарашаның  4-і.  ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ -  Қарашаның 2-сі мен 7-сі аралығында    Кипр Республикасының  Лимассол   қаласында  «Ғарыш   және   адамзаттың     жаһандық  қауіпсіздігі»   тақырыбына арналған І     халықаралық мамандандырылған    симпозиумы   өтуде.Астронавтиканың    халықаралық  академиясы,   К.Э.Циолковский   атындағы   ресейлік  ғарыш  академиясы  және   «Білім»   халықаралық қауымдастығы   ұйымдастырған  симпозиум   табиғи апаттарды және техногендік  апаттарды    ертерек  болжауға  мүмкіндік беретін  жаһандық    табиғи және   техногендік  құбылыстарды мониторингілеудің   халықаралық   аэроғарыштық   жүйесін  құру  мәселесіне   арналып  отыр.

Форум  жұмысына   ғарыш агенттіктерінің,   ғылыми-зерттеу  орталықтары мен институттарының,  аэроғарыштық  компаниялардың,   сондай-ақ       34  мемлекеттің,   оның   ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Канада, Италия, Украина,Қазақстан, Белорус    елдерінің   үкімет басшылары мен     өкілдері    қатысуды.

Құрамына   «Қазақстан ғарыш    сапары»   Ұлттық  компаниясының,   «Ғарыштық зерттеулер  мен  технологиялардың  ұлттық орталығы»   акционерлік  қоғамының   басшылары кірген  қазақстандық делегацияны    Ұлттық ғарыш агенттігінің  төрағасы  Талғат Мұсабаев бастап барды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе