Сенатор Е. Мұқаев Назарбаев интеллектуалдық мектебінің оқушыларымен кездесті - БҚО

АСТАНА. 4 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ерболат Мұқаев Орал қаласында «Нұр Отан» партиясы ұйымдастыруымен Назарбаев интеллектуалдық мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.Оқушылар алдында сөз алған сенатор экономика мен білім беруді дамыту үшін қажетті отандық өндіріске инновациялық жаңалықтар әзірлеу және оны енгізудің маңызы туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ Е.Мұқаев «Н.Ә.Назарбаев: Инновациялық Қазақстан - жаһандық қатерлерге жауаптар» тақырыбы бойынша облыстық қазақ драма театрында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Сапар аясында сенаторлар Батыс Қазақстан облысындағы Қаратөбе ауданына сапарға шығып, «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту - 2020», «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламалары бойынша жұртшылықпен және аудандық мәслихат өкілдерімен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе