Қазақстандық студенттер Сиань қаласының жетім балалары үшін екі фургон сыйлық жинады

Қытайдағы Қазақстан студенттері қауымдастығының Сиань бөлімшесінің белсенділері «Балаға Рождество-2016 сыйла» қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлады Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. «21 желтоқсанда Сиань қаласындағы барлық университеттерге хабарландыру ілдік. Интернет желісіне мүмкіндігі шектеулі жетім балаларға ойыншық, тәтті, киім, жеке гигиена заттары, жемістер, мектепке қажетті заттар қабылдау басталғаны туралы хабарлама берілді. Акцияға 100-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде Бангладеш, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және басқа елдерден еріктілері бар. 4 күнде екі фургон сыйлық жинадық», - қа берген сұхбатында KSAC Сиань бөлімшесінің төрағасы, Чанъань университетінің халықаралық қатынастар және сауда факультетінің 4-ші курс студенті Жансерік Тұрсынбек. 

Оның айтуынша Сиань қ. балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықты 16 адам апарды. Оның екеуі Ресей мен Украинадан  «ММ studio» би мектебінің оқытушылары, олар Кунфу-Панда мен жолбарыс костюмімен өнер көрсетті. Балаларға сыйлықты Аяз ата (Чанъань университетінің қазақстандық студенті Дмитрий Позакшин) таратты. 

 «Біз таңдаған балалар үйі Сиань қаласындағы үш ең ірі жетімдер үйінің бірі. Онда 2-14 жастағы 700-дан астам бала тәрбиеленеді. Олардың басым бөлігі - мүмкіндігі шектеулі балалар. Сиань бөлімшесі Әнуар Асылханға ерекше алғыс білдіреді. Ол көмекке алғашқылардың бірі болып келіп, ақпаратты таныстарына, достарына таратты. Мобильді WeChat коммуникациялық жүйеде топ құрды. Оған 100-ге жуық пайдаланушы кірді. 

Еске салсақ, бұдан бұрын биыл Сиань бөлімшесінің белсенділері ҚХР Шэньси провинциясы Сианьда «Бауырсақ күнін», сондай-ақ кең ауқымда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын  өткізді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе