2018 жылдан бастап ОҚО-ның Созақ тұрғындары газды пайдаланатын болады

2018 жылдан бастап Созақ ауданының тұрғындары газды пайдаланатын болады.Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазірдің өзінде ауданда газ құбырын өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалар жасауға 78 млн. теңге бөлінді. Созақ ауданының әкімі елді мекендерді газдандыруға ғана емес, басқа да коммуналдық проблемаларды шешуге зор көңіл бөліп келеді. Мұнда «Түркістан-Кентау» және «Шымкент-Алматы» айналма жолдарын төсеу жұмысы аяқталды, Сондай-ақ Шолаққорған елді мекеніндегі 4 көшеге асфальт төселді, ал 7 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар, 2015 жылы 4 мектеп және 2 балабақша салынып, пайдалануға берілді. Бұдан басқа   Абай, Раң және Аққолтық ауылдарында оқу орындарын салу жұмыстары басталды, ал аудан орталығында 50 тұрғын үй мен 280 орындық балабақша құрылысы жүргізілуде.

Баспасөз қызметі сондай-ақ ауданда суармалы жерлерді ұлғайту үшін «Біресек» су қоймасының басталғанын хабарлады. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен 404,4 млн. теңге бөлінген болатын, қазірдің өзінде оның 189,5 млн. теңгесі игерілген. Барлық жұмыстарды келесі жылдың соңында аяқтау көзделіп отыр, бұл суармалы алқаптар ауданын 1000 гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе