О.Шишигина оқушылар үшін Президенттік тест нормативтерін төмендету керек деп санайды

Дене шынықтыру даярлығы бойынша еліміздегі Президенттік тест нормативтері тым жоғары болып отыр. Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында депутат Ольга Шишигина осылай мәлім етті. Еске сала кетейік, Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен өткен отырыста еліміздегі бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланған болатын.  «Ең бастысы - бұл Президенттік норматив тестілер көрсеткішінің жоғарылығы, осыған қатысты мен Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің алдында бірнеше мәрте мәселе көтерген едім. Олардың ұсынып отырғандары - шамадан тыс жоғары нормалар. Жалпы, бізге спортпен шұғылдана бастайтын қалың бұқара керек. Біз ең алдымен соларды дене шынықтыруға тартып, әрбір адам осы нормативке жақындай алатындай мүмкіндік қарастыруымыз керек. Түптеп келгенде, бізге мектеп оқушылары үшін Президенттік тест нормативтерін төмендету керек. Спортта нәтиженің соңына түсіп қуа бермей, оның бұқаралық сипатын арттырған ләзім», - дейді О. Шишигина.

Бұл ретте депутат Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің бекіткен нормативтері шынайы еместігін алға тартып, соңғы үш жылдағы қазақстандық мектептердің спорттық жетістіктерінің Президенттік тест нормативтерімен салыстырмалы статистикасына назар аударды. Мәселен, оның айтуынша, ұлттық деңгейде 4-сынып оқушылары 30 метр қашықтықты 5,4 секундта жүгіріп шығуы тиіс. Ал шын мәнінде 4-сыныптың ұл балалары үшін жақсы нәтиже 5,8, ал қыз балалары үшін 6,3 секунд болуы керек еді.

«9-сынып оқушысы Президенттік тест нормативіне сәйкес, 60 метрді 8,2 секундта жүгіріп шығуы керек болса, шынайы көрсеткіш - 15 секунд. Қыз балалар бұл қашықтықты 15,3 секундта жүгіріп шығады, Президенттік норматив - 9,2 секунд болып тұр», - дейді О. Шишигина.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе