Елордада «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шаралары өтуде

Жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы осымен 8-ші рет өткізілуде. Аталмыш акция аясында 31 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 276 миллион 835 мың теңгеге көмек көрсетілді, деп хабарлады astana.gov.kz.Бүгін акция аясында «Дар» қоғамдық қоры елорданың тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 10 балаға мектепке арналған құрал-жабдықтар мен портфельдерді сыйға тартты.

Астана қаласы Білім басқармасының кәмелетке толмағандар құқығын қорғау бөлімінің жетекшісі Ләззат Орынбасарованың айтуынша, көмекке зәру балалардың тізімі мектептердегі оқушылар туралы ақпарат банкінен алынады. Өз кезегінде бұл тізімдер демеушілерге жіберіледі.

«Қазіргі уақытта нақты атқарылатын шаруалар жоспарын бекіттік. Жақын арада қала бойынша сенім телефондары жазылған билбордтар ілінеді. Ірі сауда үйлерінде тұрмысы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсеткісі келетін тұрғындар үшін арнайы контейнерлер орнатылады. Ол контейнерлерге киімдер мен мектепке қажетті заттарды сала аласыздар», - деді Л. Орынбасарова.

Акцияның мақсаты - оқуға тартылмаған балаларды анықтау, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балалары мен  жетім және  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға  көмек беру.  Сонымен бірге, акция әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте балалардың мектепке бармауының  алдын алуға бағытталған.

№ 7, 52, 76 метептерде (14.08, 21.08, 28.08, 3.09) айына екі рет баланы мектепке орналастыру бойынша мамандардың кеңесі және заңгерлік көмек көрсетіледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе