СҚО ауылдарында 95 мектеп күрделі жөндеуден өтті

– Солтүстік Қазақстан облысында биыл 5 млрд теңгеге 125 білім ордасы күрделі жөндеуден өтсе, келер жылы осы мақсатқа тағы 3 млрд теңге бөлінетін болды, деп . Биыл жөндеуден өткен 125 білім нысанының 95-і ауылдарда орналасқан. Нәтижесінде 35 мың бала немесе өңірдегі оқушылардың жартысынан астамы жаңартылған мектепте білім алып жатыр. «Келер жылы бұл жұмыстар жалғасуы керек. Білім мекемелерінің жағдайын жақсартуға 3 млрд теңге бөлуді жоспарладық. Дегенмен, жұмыстың сапасын үнемі назарда ұстап, қадағалап отыру қажет», - деді облыс әкімдігінің отырысында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов. Білім беру саласын дамыту СҚО-ның үш жылға арналған кешенді бағдарламасына енген. Осы жоба аясында өңірдегі көптеген мәселе шешілмек. Мәселен, Петропавл қаласында үш ауысымды білім беруден арылу мақсатында 900 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Ол 2021 жылы қолданысқа енгізіледі деп жоспарланған. 63 мектепті 4 мың компьютермен қамту мақсатында биыл 563 млн теңге бөлінуі қажет еді. Алайда, ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан әлі күнге бюджеттік өтінім қолдау тапқан жоқ. Білім басқармасы мамандарының мәліметінше, облыс мектептеріндегі компьютерлердің жартысына жуығын ауыстыру керек. Биыл 4 аудан 135 техника алуға шамамен 25 млн теңге бөлген. Бірақ ол - жеткіліксіз. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - «Серпін» бағдарламасы бойынша облысқа жастарды тарту бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Соңғы үш жылда жоғары білімді жастарды оқытуға мемлекеттің тапсырысы 233 тен 376-ға дейін, 61,4% артты. Сондай-ақ биыл өңірде мектеп мұғалімдеріне деген қажеттілік толығымен жабылды. Тек ағымдағы жылы облысқа 676 ұстаз жұмыс істеуге келген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе