Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін 30 мектеп пен 50 балабақша салынады

АСТАНА. 8 2017 жылға дейін Астанада 30 мектеп пен 50 балабақша салынады. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.Ведомствоның мәліметі бойынша, 2012 жылы 5 мектеп пен 7 балабақша пайдалануға берілген. Осының арқасында мемлекеттік мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердегі орындар саны сәйкесінше 4500 және 1530-ға артты.   

2012 жылы «Білім беру нысандарының дамуы» бағдарламасы бойынша,  9,693 млрд. теңге бағытталған. Оның 7,862 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен болса, 1,831млрд. теңгесі жергілікті қазынадан бөлінді.

Қазіргі уақытта тағы 4900 орынға шақталған 5 мектеп пен 1680 балаға арналған 7 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Олар 2013 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар биыл 7 мектеп пен 12 балабақшаның құрылысы басталады. Жоспар бойынша, олар 2014 жылы салынып бітеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе