Үкімет басшысы министрлік алдына алдағы үш жылда балабақшалармен 100 пайызға қамту мәселесін төтесінен қойды

АСТАНА. 31 Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігің кеңейтілген алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Серік Ахметов мектепке дейінгі білім беруде балаларды даярлау әдістемесіне айрықша маңыз беруді тапсырды.

Мектепке дейінгі білім беру мәселесіне тоқталған Премьер-Министр, «2009 жылдан бері біз «Балапан» бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Бұл бағытта өте көп жұмыстар атқарылды және оның нәтижелерін көрудеміз»,-деді.

Осы орайда ол мектепке дейінгі тәліммен балаларды қамту екі есеге артқанын атап өтті. «Бұл көрсеткіштер аз ба, әлде көп пе? Әрине, бұл нәтижелер өңірлерде әрқалай. Мысалы, Қостанай облысында 100 пайызға жуық, Қарағанды облысында 98 пайыз, Павлодар облысында 95 пайызға жуық, ал кейбір облыстарда 50-60 пайыз көлемінде. Жалпы алғанда ел бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен орташа алғанда 71 пайыз қамтылған. Меніңше, бұл көрсеткіш аздық етеді»,-деп атап өтті С. Ахметов.

Оның айтуынша, балаларын балабақшаларда тәрбиелеуге ниетті ата-аналар 100 пайызға қамтылуы тиіс. Бұл тұрғыда Премьер-Министр балабақшалармен қамтамасыз етуде мемлекеттік-жеке әріптестік бағытындағы тәжірибеге екпін қойды.

«Сонымен қатар  жекеменшік балабақшалар желісін дамыту қажет. Ол үшін тиісті ынталандыру шаралары керек»,-деді С. Ахметов.

Осы орайда Үкімет басшысы инвестиция тартуда министрлік пен әкімдіктердің жұмысы белсенді болуы тиіс екендігін тапсырды.

«Үш жылдың ішінде мектепке дейінгі ұйымдарды екі есеге арттыру мәселесін шешу мүмкін болғанын ескерсек, енді алдағы үш жылда 100 пайыз қамтуды жүзеге асырайық»,-деп түйді ол.

Сөз соңында ол балаларды дамытудың әдістемелеріне басымдық беруді қадап айтты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе