Мадридте алғашқы қазақстан-испан ректорлар форумы өтті

2016 жылғы 23-24 маусым аралығында Мадридте Қазақстан және Испания білім министрліктерінің, Испанияның халықаралық білім қызметінің және  Қазақстан мен Испания ректорлар қауымдастығыныңғ жәрдемімен алғашқы қазақстан-испан жоғарғы оқу орындар (ЖОО) ректорларының форумы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.Форумға 26 қазақстандық және 18 испан жетекші ЖОО-лары өкілдері қатысты.

Форумның екікүндік бағдарламасында семинарлар мен Қазақстан және Испания жоғарғы оқу орындары арасында екіжақты кездесулер қарастырылған.

Іс-шара шеңберінде өзекті мәселелер бойынша панелді сессиялар өтті. Олардың арасында университтеттер мен іскерлік топтар арасындағы әріптестік тәжірибесі, тіл саясатының іске асуы, шет тілдерді меңгеру, соның ішінде ЖОО-ларда испан тілін меңгеру, Қазақстан және Испания университеттері арасында ғылыми әріптестік нысаны, Erasmus+ бағдарламасы шеңберінде әріптестік мүмкіншіліктер болды.

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев өз сөзінде Испаниямен екіжақты стратегиялық серіктестік шеңберінде ерекше екпін Қазақстан мен Испания оқу орындары арасындағы білім саласындағы іс-қимылға жасалатынын айтты. Біздің елдер арасында базалық үкіметаралық Мәдениет пен білім саласындағы келісім әрекет етуде (1997 ж. 27 қазанында жасалған).

Осыған орай елші қатысушыларды аталған алаң мен халықаралық келісімді, екіжақты жоғарғы оқу орындар арасындағы әріптестікті және Erasmus+ бағдарламасы секілді халықаралық бағдарламаларды жандандыру үшін белсенді қатысуға үндеді.

Форум соңында Қазақстан мен Испания ректорларының қауымдастықтары арасында және  Жетісу мемлекеттік университеті мен Мадрид политехникалық университеті және Кадис Университеті арасында меморандумдарға қол қойылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе