Мысыр Араб Республикасы қазақстандықтарға білім гранттарын ұсынды

Әл-Азхар қоры және Мысыр Араб Республикасының Жоғары білім министрлігі министрлігі Қазақстан азаматтарына 2018-2019 - оқу жылына гранттар ұсынды, деп «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтына сілтеме жасап.

Мысырдың Жоғары білім министрлігі ұсынатын гранттар:

Діни емес мамандықтар бойынша өнер және ғылым факультеттерінде бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға арналған - 2 грант, араб тілін үйренуге арналған - 2 грант бөлінген.

Ал Әл Азхар қорының ұсынатын гранттар:

Әл Азхар институттарында оқуға арналған - 9 грант,

Діни мамандықтарды оқуға арналған - 5 грант,

Діни емес мамандықтарды оқуға арналған - 10 грант,

Араб тілін үйренуге арналған - 1 грант.

Өтініш беру 1 шілдеге шейін жалғасады. Құжаттарды Астана қаласындағы Мысыр Араб Республикасының елшілігі қабылдайды.

Үміткерлерден төлқұжат көшірмесі, орта мектепті бітіргені туралы (ҚР Сыртқы істер министрлігі растаған) аттестаты, медициналық анықтама, туу туралы куәлігі талап етіледі. Барлық құжаттар араб тіліне аударылған болуы тиіс. Сондай-ақ, үміткер араб тілін жетік білмеген жағдайда оны жазбаша растауы керек, бұдан басқа ол білім алатын 3 оқу саланы (әсіресе медицина, фармацевтика және инженерия салалары) атап көрсетуі тиіс.

Оқу тілі - араб тілі. Ағылшын немесе француз тілдерінде оқуды таңдаған үміткерден қосымша ақы талап етіледі.

Мысыр тарапы үміткерлердің жол ақысы мен мен мекен-жай шығындарын өтейді. Қабылданған үміткерлер 2018 жылдың 30 тамызында Мысырға аттанады.

Толыққанды ақпарат алу үшін Мысыр Елшілігіне хабарласқан жөн.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе