ҚазАТУ сыбайлас жемқорлыққа бой алдыра қоймаған университеттердің бірі - сенатор О. Әбдікәрімов

АСТАНА. 10 Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Қазақстанның жемқорлықпен күресте мейлінше жоғары табыстарға жеткен бірден бір жоғары оқу орны.Бұл туралы бүгін университет қабырғасында жемқорлықты алдын алуға арналған жиын барысында ҚР Парламент сенатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП Республикалық жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов айтты.

«Қазіргі уақытта елде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған айлық акциясы басталды. Барлық ұйымдар, департаменттер бұл іске тартылып жатыр. Сіздердің университеттеріңіз ЖОО арасында ең алғашқылардың бірі болып, аталмыш акция аясында осынау шараны ұйымдастырып отыр. ҚазАТУ сыбайлас жемқорлыққа бой алдыра қоймаған ЖОО-лардың бірі. Себебі университеттің  бірде бір факті бойынша әлі аты аталған жоқ. Бұл әрине профессорлық-оқытушылар құрамына және студенттерге байланысты. Университеттің осы саладағы тәжірибесі айлық аяқталғаннан соң жалпыға таратылуы мүмкін», - деді О. Әбдікәрімов.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Күрішбаевтың айтуынша, университетте арнайы қадағалаушы комиссия жұмыс жасайды. Ол студенттердің құқықтарын қорғап, ЖОО-да парақорлық пен сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауға, алдын алуға қызмет етеді.

Сонымен қатар университетте жемқорлықпен күрес бойынша жоспар қабылданған.

«Факультеттерде келесідей қызметтік тәртіп орнатылған: оқытушы тарапынан заңға қайшы әрекет жасалса, факультет меңгерушісі жауап тартады. Ал факультет меңгерушісінің ісіне декан жауап береді», - дейді ректор.

Бүгінгі жиын барысында жемқорлықпен күрес шараларының қорытындылары жарияланып, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен пікір алмасу, тәжірибені жетілдіру бойынша талқылаулар өткізілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе