Ақтөбеде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жазғы лагерьге барады

– Ақтөбеде жазғы лагерьдің қай уақытта іске қосылатыны белгісіз. Алайда өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған орталықтың 35 тәрбиеленушісі келесі айда демалыс орындарында тынығады, деп тілшісі. Ақтөбелік ата-аналар онлайн оқу басталған кезде түрлі арыз-шағым болғаныме бір аптадан соң машықтанып, оқу процесі бір ізге түсті. «Қашықтан оқытудың нәтижесін қазір айта алмаймыз. Тек жаңа оқу жылы басталғанда белгілі болады. Егер тақырыпты түсіне алмаса, тамыз айында қосымша сабақ ұйымдастырамыз. Бір қуантарлығы, балалар цифрлы технологияны жақсы меңгергенін көрсетті. 25 мамыр күні оқу жылы аяқталады. Соңғы қоңырау күні облыс әкімі балаларды онлайн режимде құттықтайтын болады»,- деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева. Ал 3-4 маусымда 11 сынып оқушыларына аттестат тапсырылады. Әр сынып үшін 20 минут беріледі. Түлектер ара қашықтықты сақтап, бетперде киеді. Мектепке тек оқушының ата-анасы келуі тиіс. «ҰБТ-ға дайындық басталды. Ақтөбе облысында 6402 оқушы мектеп бітірсе, оның 5733-і тест тапсырады. Барлығы 15 тестілеу орталығы дайын. Дезинфекциялау жұмысы жүргізілді», - деді Ләззат Оразбаева. Айта кетейік, Ақтөбе қаласында балабақша жұмысын жандандыру кейінге шегерілген болатын. Егер эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса, балаларды кезекші топтарға қабылдайды. «Жазғы лагерьдің жұмысына әзір рұқсат жоқ. Тек 1 маусымнан бастап өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған орталықтың 35 тәрбиеленушісі демалысқа бара алады», - деді Л.Оразбаева.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе