Қостанай облысындағы білім беру және спорт ұйымдарына белгілі тұлғалардың есімдері берілді

ҚР Үкіметі Қостанай облысының білім беру және спорт ұйымдарына атау беру туралы қаулы шығарды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №57

2015 жылғы 12 ақпан,  Астана, Үкімет үйі

Қостанай облысының білім беру және спорт ұйымдарына атау беру туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мынадай білім беру және спорт ұйымдарына:

1) «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне - Ғафу Қайырбековтің;

2) «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің музыка мектебі» мемлекеттік мекемесіне - Бақытжан Байқадамовтың;

3) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «№1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесіне - Қадырбек Оспановтың есімдері берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе