Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басым бағыттары талқыланады

АЛМАТЫ. 25 Алматыда 27 тамызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Өмірбек  Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында оқытушы-профессорлар құрамының дәстүрлі тамыз кеңесі өтеді.Оған  1500-ден астам оқытушылар мен  ғылыми-педагогикалық  саланың өкілдері қатысады деп жоспарлануда. Кеңесте оқу орнындағы ең басты оқу-ағарту, ғылыми-инновациялық, тәрбие ісіндегі мәселер қаралмақ. Университет үшін ең басты міндеттердің бірі қазіргі таңда Елбасы Жолдауында айтылған әлемдік деңгейдегі рейтингі жоғары оқу орындарының қатарына еніп, инновациялық қызметті арттырып, ғылыми-зерттеудегі жетістіктерді өндіріске ендіру болып отыр.  Сондықтан оқу жүйесін жақсарту үшін жаңа басқару әдістері мен шешімдер қажет.Онда   ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадамы» атты  бағдарламалық  мақаласының   негізгі бағыттары, 2011-2020 жылдарға арналған білім алуды  жетілдіру туралы мемлекеттік бағдарламасын  жүзеге асыру, білім алу мен  ғылымды біріктіру мәселелері, инновациялық қызметтің болашағы және орта, жоғары білім беру, жастар саясаты саласында әлеуметтік әріптестіктің өзара қатынасы да талқыланатын болады. Бұл басқосу кезінде сондай-ақ,  2011-2012 оқу жылындағы рейтингтік бағалау мен қызметтік деңгейдегі көрсеткіштері бойынша үздік факультет, кафедра, оқытушы, куратор-эдвайзерлерді марапаттау рәсімі өтеді деп жоспарлануда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе