Балалар басылымдары «кішкентайлардың» қаржылық сауаттылықтарын арттыруға кірісті

АЛМАТЫ. 5 сәҚР Ұлттық банкінің қолдауымен «Ұлан» және «Дружные ребята» газеттерінде қаржылық сауаттылықты арттыруға бағыттталған айқарма бет ашылды.«2011 жылы Алматы қаласындағы Өңірлік қаржы орталығы Республикалық «Ұлан» жәнен «Дружные ребята» газеттерінде қаржылық сауаттылық бойынша  бет ашу туралы  бізге ұсыныспен шыққан болатын. Ұзақ талқылаудан кейін өзара келісімге келдік. 27 наурызда оның алғашқы басылымы жарық көрді. Жыл соңына дейін біз 48 бет шығармақпыз. Бұл материалдардың бәрі «Ұлан» газетінде қазақ тіліне аударылып, басылып отырады», - дейді «Дружные ребята» газетінің бас редакторы Альмжан Акбаров.

Ал Алматы қаласындағы Өңірлік қаржы орталығы төрағасының орынбасары Шыңғыз Қанапьяновтың айтуынша, Ұлттық банк халықтың әрқилы өкілдері арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында түрлі  жобаларды жүзеге асыруда. Соның арасында балаларға арналған шараларды ерекше атап өтуге болады. Мәселен  монетаны безендіруге қатысты байқауда Орталық банк дизайнерлері  бірқатар қызықты жаңа идеялар алды. Енді балалар басылымдарымен жаңа жоба жүзеге асырылуда. Қос басылымда жыл бойы балалар арасында түрлі байқаулар, сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, қызықты материалдар жарық көреді. Сондықтан олар оқырманның ой-пікірі мен ұсыныс-тілектерін білуге зор қызығушылық білдіріп отыр.

«Бұған дейін оқушылар арасында сынақ ретінде бірқатар мектепте факультативтік  сабақтар ұйымдастырылған болатын. Онда 2 мәселемен бетпе-бет келдік. Оның біріншісі, оқытушылардың бұл іске дайын болмауы болды. Сондықтан Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс  жасап, жаңа оқу құралдарын әзірледік.  Екіншісі,  кейбір  мектептерде факультативтік дәрістерге балалар ғана емес, олардың ата-аналарының  да  жазылып, қатысуы болды. Сондықтан біз заман талабына сай жас оқырмандарға қаржылық сауаттылық бойынша базалық білім беруді жөн деп таптық», - дейді Ш. Қанапьянов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе