«ЕХРО-2017» көрмесіне СҚО-дан 220 ерікті қатысады

Солтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Еріктілер мектебі» таныстырылымы өтті және «ЕХРО-2017» көрмесіне 220 еріктінің қатысатыны жарияланды.«Жас Отан» Жастар қанаты СҚО филиалы төрағасы Мұса Танақұловтың айтуынша, жаңа жоба аймақ еріктілерін ары қарай оқыту мақсатында біріктіруге бағытталған. «Балалар Мектеп қабырғасында шет тілі мен Қазақстан тарихын оқитын болады. Осылайша, еріктілер қажетті қарым-қатынас және ұйымдастыру қабілеттеріне ие бола алады және еліміздің тарихы мен ұлттық-мәдени құндылықтар туралы қосымша ақпарат алады. Сабақ беруге Назарбаев зияткерлік мектебінің мамандары шақырылды, сонымен қатар елордадан да дәріскерлерді шақыру ойда бар», - деп атап өтті М.Танақұлов. ЕХРО - 2017 көрмесіне қатысушыларды іріктеуді СҚО ішкі саясат басқармасы Жастар бастамалары орталығы мен кәсіпкерлік басқармасымен бірігіп өткізуде.21 желтоқсан және 28 наурыз күндері өткен іріктеудің екі кезеңі артта қалды. Келесі айда іріктеудің үшінші кезеңі жоспарланып отыр.Жастар бастамалары орталығының директоры Тимур Жұманов журналистерге еріктілерді таңдау критерийлерін айтып берді. «Кандидат тіл білімінің деңгейі анықталатын сұхбаттасудан өті тиіс. Сосын анкета арқылы болашақ күйзеліске төзімділігі сыналады. Қазір Солтүстік Қазақстан облысынан 120 ерікті таңдап алынды, бұл қатарға тағы 100 адам қосу жоспарлануда», - деді Тимур Жұманов. СҚО бойынша «ЕХРО-2017» еріктілерінің үйлестірушісі Дарина Башенова мұндай жоғары деңгейдегі шараға қатысу солтүстікқазақстандық жастар үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе