Еліміздің солтүстік өңірлеріне 1000-нан астам дәрігер мамандар жетіспейді

Астана қаласы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарына 1000-нан аса маман дәрігер жетіспейді. Бұл туралы Астана медицина университетінде өткен 2013-2014 оқу жылында бітіретін резиденттерді, интерндерді және бакалавриаттарды жұмысқа орналастыруға арналған дәстүрлі «Бос орындар жәрмеңкесінде» белгілі болды.Университет баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы оқу жылында аталмыш университетті 561 маман тәмамдады. Түлектердің 97%-ы жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді келісім жасасты, оның ішінде Астана қаласына - 47,8%-ы, Ақмола облысына - 25%-ы, Солтүстік Қазақстан облысына - 8,5%-ы, Қостанай облысына - 5,4%-ы бөлінді және 13,3%-ы еліміздің басқа өңірлерінде жұмыс жасайтын болды.

Айта кетейік, ҚР аймақтық әкімдіктерінің, Астана қаласы мен республика облыстары денсаулық сақтау басқармаларының, медициналық мекемелері басшылары мен өкілдері қатысатын «Бос орындар жәрмеңкесі» бойынша, Астана медицина университетіне 2007 жылы 59 медициналық мекемеден сұраныс жасалса, 2013 жылы мұндай мекемелер саны 122-ге жеткен.

«2012 жылы түлектеріміздің 97%-ы жұмыспен қамтылса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 98,5%-ға жетті. Медициналық мекемелердің біздің университет дайындаған мамандарға деген сұранысының жылдан-жылға артуы - жұмысымыздың нәтижелі екенін көрсетіп отыр», - дейді университеттің білім беру қызметі жөніндегі проректоры Г. Жақсылықова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе