Таразда Фируза Шаріпованы ТарМПИ ұжымы салтанатпен қарсы алды

Бүгін Тараз жұртшылығы және Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы Әулиеата әуежайынан қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз, әлем чемпионы Фируза Шаріпованы зор қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды жоғары оқу орынның баспасөз қызметі.Жиында сөз алған ТарМПИ ректоры, ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова: «Фируза қыздың 50 жылдық тарихы бар Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі екенін зор мақтанышпен атап өткім келіп отыр. Фируза 2013-2017 жылдары Өнер және мәдениет факультетінің, Дене шынықтыру және спорт мамандығында білім алды. Студент кезінде талай жетістіктеріне куә болдық. Бүгін міне, әлем назарын өзіне аударған Астанада өткен кәсіпқой бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында болгар қызы Милена Колеваны ойсырата жеңіп, WIBA және WBU нұсқалары бойынша чемпиондық атаққа қол жеткізіп отыр. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш» деп атап өтті.

Өз кезегінде сөз алған Фируза Шарипова, бүгінгі жеңісін өзі білім алған Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдық мерейтойына арнайтындығын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Фируза Шаріповаға кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанған Қазақстандағы бірінші бұрымды спортшы ретінде Қазақстан рекордтар кітабына енгені туралы сертификат тапсырылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе